$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп 3 млн теңге алған: Шымкентте күдікті ер адам ұсталды

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп 3 млн теңге алған: Шымкентте күдікті ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында, белгісіз азаматтың Атырау қаласында белгілі бір кешенге жұмысқа орналастырып беремін деп 2 926 000 теңге көлеміндегі қаржысын алдап алған. Арада біршама уақыт өтсе де берген уәдесін орындамаған. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, іздестіру амалдарын бастады.

Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды жүргізді. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде қалалық тәртіп сақшылары күдікті ер адамды қала аумағында жасырынып жерген жерінен ұстады.

Қазіргі таңда, ұсталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары