Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 3 тамызда өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді

Фото ашық дереккөзден

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 3 тамызда өтеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9:30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысының әкімі екі орынбасарын қысқартты. Ал сотты болған Бақытгүл Хаменова орнын сақтап қалды.