$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үндістан тарихында екінші рет әйел адам президент болды

Драупади Мурму сайлаушылардың 64% дауысын иеленді

Үндістан тарихында екінші рет әйел адам президент болды
Фото: Manish Swarup/AP

Үндістанда президент сайлауында Ұлттық демократиялық альянс үміткері Драупади Мурму жеңіске жетті. Осылайша, ел тарихында екінші рет әйел адам мемлекет басшысы болды, деп хабарлайды  деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі  Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Times of India газетінің жазуынша, Мурму Парламенттің және штаттар мен аумақтардың жергілікті қауымдастықтары мүшелерінің 64% дауысын жеңіп алса, оның қарсыласы, оппозиция жетекшісі Яшвант Сингх 36% дауыс жинаған. Мурму елдің барлық штатында дауысқа ие болса, Синха үш штатта жеңіліс тапты.

Мурму 25 шілдеде, қазіргі президент Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі аяқталуға бір күн қалғанда ант береді. Үндістан президенті бес жылдық мерзімге қатарынан екі мерзімге сайлана алады.

Үндістанда президенттік сайлау 18 шілдеде өтіп, дауыстар 21 шілдеде саналды.

Үндістандық саясаткер Махатма Гандидің немересі, Батыс Бенгалияның бұрынғы губернаторы Гопалкришна Ганди оппозицияның Үндістан президенттігіне кандидат болу туралы ұсынысынан бас тартқан еді.

Серіктес жаңалықтары