$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда тағы 2500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

КВИ жұқтырған 25 адам ауыр жағдайда жатыр

Қазақстанда тағы 2500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды
Фото: pravda.com.ua

 Қазақстанда өткен тәулікте 2 480 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 796,
Алматы қаласында - 722,
Шымкент қаласында – 105,
Ақмола облысында – 62,
Ақтөбе облысында – 25,
Алматы облысында - 90,
Жетісу облысында - 109,
Атырау облысында - 47,
Шығыс Қазақстан облысында - 9,
Абай облысында - 31,
Жамбыл облысында - 82,
Батыс Қазақстан облысында - 31,
Қарағанды облысында - 165,
Ұлытау облысында - 20,
Қостанай облысында - 37,
Қызылорда облысында - 40,
Маңғыстау облысында - 32,
Павлодар облысында - 26,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25,
Түркістан облысында - 26.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 326 190 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 872 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 180,
Алматы қаласында - 568,
Алматы облысында - 30,
Жетісу облысында - 13,
Шығыс Қазақстан облысында - 12,
Жамбыл облысында – 33,
Қарағанды облысында - 18,
Ұлытау облысында - 6,
Қостанай облысында - 6,
Павлодар облысында - 5,
Түркістан облысында - 1.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 298 633 адамға жетті.

Сондай-ақ 2 шілдедегі мәлімет бойынша, 14 026 адам коронавирус инфекциясынан (–13 893+ және 133 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 206 пациент стационарда, 12 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

25 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Серіктес жаңалықтары