Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер хабарлады
АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Байденнің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Қазір ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.
«Бүгін таңертең президент Байден COVID-19-ға тапсырған сынама нәтижесін алды, ол оң болып шықты. Симптомдары жеңіл. Paxlovid дәрісін қабылдауды бастады», - деп көрсетті Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар Байденнің вакцинация курсынан толық өткені және екі рет ревакцина алғаны айтылған.