Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды

фото: apostrophe.ua

«Ашық НҚА» сайтында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа мереке енгізу туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл мереке күзгі-қысқы жылыту маусымы аяқталатын 16 сәуірде тойлануы мүмкін.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері тәулік бойы ел халқын жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалайды. Сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады және күтіп ұстайды. Осылайша азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды. ТКШ қызметкерлері күні КСРО-да 1966 жылдан бастап шілденің төртінші жексенбісінде аталып өтті және ТМД-ның көптеген елдерінде, соның ішінде Ресейде, Беларуссияда, Украинада, Өзбекстанда сақталған. Дәл осы күні тұрғындарға қажетті осы салада өмір бойы жұмыс істеген ТКШ ардагерлеріне құрмет көрсетілген. Бұл мерекені белгілеу ардагерлердің орнына осы салаға жоғары білікті жас мамандар мен инженерлердің келуіне, сондай-ақ ТКШ қызметкерлері кәсібінің беделін және олардың кәсіби мақтанышын арттыруға ықпал етеді», – делінген қаулы жобасының негіздемесінде.

Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Тегтер: