Алматыда 3 ағашты рұқсатсыз кесіп тастағандар 150 тал отырғызуға міндеттелді

Автор: Azattyq Rýhy

Ағаштарды отап тастағандарға әкімшілік хаттама толтырылды

фото: Instagram.com/almatygggram

Алматыда 3 ағашты рұқсатсыз кескендер 150 түп тал отырғызуға міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Гагарин даңғылы бойында орналасқан медицина орталығының қызметкерлері 3 теректің бұтасын отап тастаған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексінің 386-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 150 дана жапырақты ағаш отырғызу бойынша кепілдік міндеттеме алынады»,- деп хабарлады Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының басқармадан.

Тегтер: