Испанияда алапат өрттен 6 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Елде 25 мың гектар орман отқа оранды

фото: qazaqtimes.com

Испанияның солтүстік-батысында 30-дан астам қалашық пен елдімекеннің тұрғындары толығымен қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үйінен көшірілген тұрғындар уақытша орналасу орталығына жіберілді. Өрттен кем дегенде 2 адам қаза тапты. «Коперник» спутниктік жүйесінің деректеріне қарағанда ел аумағында 25 мың гектар орман толықтай өртеніп кеткен.

Сонымен қатар Францияның Жиронда аймағында да орман өртеніп, 40 мың адам үйлерінен көшірілген. Олардың арасында туристер де бар.

Тегтер: