Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.