Елімізде украиндардың көпшілігі Қостанай облысында өмір сүреді
Қазақстанға Украинадан осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 33 адам келген. Қазіргі уақытта ҚР-да украин ұлтының 247,4 мың өкілі тұрды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 3,6%-ға аз, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олардың ішінде Алматыға 13 адам келді (бір жыл бұрын – 6 адам). Елорда мен Маңғыстау облысына 5 адамнан (тиісінше өткен жылғы 3 адамға және 1 адамға қарағанда) келген.
Өңірлік бөліністе украиндардың көпшілігі Қостанай облысында өмір сүреді: 66,6 мың адам, жылына минус 2,9%. Одан кейін Қарағанды және Ақмола облыстары: тиісінше 36,7 мың және 29,5 мың адам.
Украиндардың ең азы Қызылорда облысында тұрады. Биыл 204 адам — өткен жылға қарағанда 8,1%-ға аз.
Сонымен қатар, үш ай ішінде Алматыдан және Қарағанды облысынан Украинаға 2 адам кеткен.