«Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге дөрекілік көрсетті»: полицейлер мән-жайды анықтап білді

Автор: Azattyq Rýhy

Оған қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге дөрекілік танытты» деген ақпарат тарады. Аталған жайт бойынша 19.07.2022 жылы Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына күзет қызметкерінен 15 шілде күні сағат 14.00 шамасында ЖШС ғимаратында жас әйел күзетшілерге қатысты дөрекі сөздер айтып балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туылған жергілікті тұрғын, бұрын азамат Д-мен тұрмыста болған (прокуратура қызметкері емес).

Қазіргі уақытта азаматша ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. Соңғыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.