Жаңбыр, бұршақ найзағай, жел: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еліміздің басым бөлігінде, алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады: 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болжанады, желдің күшеюі күтіледі.

«Еліміздің батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады, Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады», - делінген синоптиктер болжамында.