Олар халықаралық құжаттандыру науқаны аясында табылды
Қазақстанда соңғы екі жылда 9 мыңға жуық адамның азаматтығы жоқ екені анықталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Олар халықаралық құжаттандыру науқаны аясында табылды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, еліміздің барлық өңірінде үкіметтік емес ұйымдар, көші-қон қызметі және Әділет министрлігі арасындағы өзара іс-қимыл күшейтілді.
Нәтижесінде, 500-ден астам адам өзінің азаматтығын анықтады, тағы 490-ы құжаттарды рәсімдеуді аяқтады.