Үй ауласынан полицейлер белгісіз маркадағы қаруды тауып, тәркіледі
Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінің иесінің басынан оқ тиген мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
БҚО полициясы хабарлауынша, сауда нысаны иесінің денесі 15 шілде күні сағат 22:00-де өз үйінің дәлізінен табылған.
Үй ауласынан, қақпа жанынан полицейлер белгісіз маркадағы шолақ мылтық тауып, тәркіледі.
Кәсіпкердің денесін сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жіберді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.