Оқиға Самара – Шымкент автожолында болған
Ақтөбе облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
18 шілде күні сағат 01:40-та Самара-Шымкент автожолының 692 шақырымында Қобда ауданынан Ақтөбе қаласы бағытында «Мерседес-Бенс» автокөлігі аударылып қалған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті. Сонымен қатар 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, екі жолаушы Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды», - делінген Ақтөбе облысы Полиция департаменті таратқан хабарламада.