Суданда жаңбырлы маусым басталды, қаза тапқандар бар

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңбырлы маусым қыркүйекке дейін жалғасады

фото: kk.eferrit.com

Суданда алапат су тасқыны болып, Дарфур провинциясында кем дегенде 12 адам қаза тапты. Олардың бірі жүкті әйел, екеуі кішкентай бала. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми деректерге қарағанда 500-ден астам адам зардап шеккен. Елдегі гуманитарлық ұйымның мәліметінше, су басқан аймақтан көшірілген адамдар орналасқан жердегі 100-ге жуық құрылыс нысаны қираған.

БҰҰ маусымнан қыркүйек айына дейін жалғасатын жаңбырлы маусымнан оңтүстіктегі Дарфур және  Оңтүстік Кордофан, Ақ Ніл және Кассала провинцияларында қазірдің өзінде 9 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлады.

Тегтер: