Қырғызстанда балабақша қызметкері 6 баланы көлігімен қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бір баланың жағдайы ауыр

фото ашық дереккөзден

Қырғызстанның Лейлек ауданы Жаны-Жер елдімекенінде балабақша қызметкері 6 баланы көлігімен қағып кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy 24.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«43 жастағы балабақша қызметкері көлігін тұраққа қояр кезде ойнап отырған балаларды байқамай басып кеткен. Екі жастағы 5 бала мен 5 жастағы бір бала Құлынды ауылдық ауруханасына жеткізілді. Біреуінің жағдайы ауыр»,- деп көрсетті Баткен ІІБ.

Жергілікті милицияның мәліметіне қарағанда күдіктінің жүргізуші куәлігі жоқ. Көлік айып тұрағына қойылған, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.