ШҚО-да қайықтың суға батуына қатысты тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр

фото: baq.kz

Бұқтырма су қоймасында 24 адам мінген қайықтың суға батып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Кеменің суға бату себептері анықталады», - деп көрсетті ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге саламыз, жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында 24 адам мінген қайық батып кеткен болатын.