Батыс Қазақстанда қысқа жиналған 600 тонна шөп өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар өрт қасақана қойылуы мүмкін деп санайды

фото: kazakh-zerno.net

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Богдановка ауылдық округі «Радуга» ЖШС аумағында 2405 бума шөп жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өрт сөндіруге БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 1 техникасы мен жеке құрамынан 4 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар ЕӨСҚ 10 адам 3 трактор және 1 су құйғыш техникасы тартылды.

«Өрттің салдарынан 600 тонна шөп жанып кетті. Өрт сағат 07: 22 минутта оқшауланды», - деп көрсетті БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тегтер: