$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде компания филиалының басшылығы 2,8 млн теңгені жымқырған

4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Өскеменде компания филиалының басшылығы 2,8 млн теңгені жымқырған
Фото ашық дереккөзден

Өскеменде компания филиалының басшысы 2,8 млн теңге жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы жылдың маусым айының соңында Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау ПБ кезекші бөліміне қаладағы ЖШС бірінің даму жөніндегі 42 жастағы менеджері жүгінді. Өтініш білдірушінің айтуынша, компанияның екі директоры супермаркетті дамытуға арналған шамамен 2 800 000 теңге қаражатты ысырап еткен.

«Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында 35 және 32 жастағы ақшаны жымқырған күдіктілер ұсталды. Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігі-сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осы баптың санкциясымен 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары