Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 2022 жылдың 19-21 шілдесіне арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің хабарлауынша апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, содан кейін 20 шілдеден бастап – Солтүстік-Батыс циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді.
«Батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 40-45 градус қатты ыстық күтіледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.