Аталған іс бойынша мемлекет пайдасына шамамен 3,6 млрд теңге тәркіленді
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қарсы қозғалған қылмыстық істің мән-жайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазіргі уақытта «Олимп» БК лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық іс аясында алып қойылған $5,5 млн және €200 мың қаражатты Ұлттық банкке аудару рәсімі жүріп жатыр», - деп атап өтті комиссия өкілдері.
Бұдан бөлек, 95 млрд теңгеге залал келтірген осы букмекерлік кеңсенің басшысы азамат С.-ны қоныс-колониясына ауыстыру (ұстау шарттарын жеңілдету) туралы Қапшағай қалалық сотының 06.06.2022 жылғы қаулысының күшін жою туралы жекеше өтінішхат енгізілді.
«Аталған іс бойынша мемлекет пайдасына шамамен 3,6 млрд теңге тәркіленді (4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, Алматы қ. 30 жылжымайтын мүлік объектісі (тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар және т.б.)», - делінген Бас прркуратура хабарламасында.