Бүгін олар Қостанай ауданы аумағынан аман-есен табылды
Қостанай облысында Психикалық денсаулық орталығынан 2 пациент қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кеше әлеуметтік желі мен мессенджерде ақыл-есі дұрыс емес екі адамның Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткені туралы хабарлама тарала бастаған.
16 шілдеде сағат 08:00 шамасында Қостанай облыстық Полиция департаментіне екі адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
«Қостанай облыстық Полиция департаментінің барлық наряды оларды іздеуге жұмылдырылды. Соның нәтижесінде бүгін таңертеңгі 09:00-де Қостанай ауданы Жамбыл ауылы маңында көлдің жағасынан табылды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Полиция пациенттердің аса ауыр қылмыс жасағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.