Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабымен терегу амалдары жүріп жатыр
Елордалық полиция қызметкерлері тұрғын үй алуға көмектесемін деп жұртты алдап, ақшасын иемденіп кеткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицейлердің мәліметінше 34 жастағы елорда тұрғыны ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алғысы келетіндерге көмектесуге уәде берген.
«Жәбірленушілердің бірі тұрғын үйдің құжаттарын тездетіп рәсімдейтініне сеніп, оған 2 млн.100 мың теңге берген. Бүгінгі таңда ол 16 эпизод бойынша күдікті. Күдікті мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға және кезекке тұруға көмектесетін байланыстары туралы әңгімелерімен үй алғысы келетіндерді сендірген», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.