Шала туылған баланың хәлі ауыр
Қарағандыда үйдің ауласынан жаңа туған шақалақ табылды, хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тұрғындардың бірі кешке есік алдына шыққанда подъездің алдындағы орындықтың жанында қорапты байқап, ішін ашып қарағанда көрпеге ораулы баланы көрген. Ол шұғыл түрде баланы ауруханаға жеткізген.
Қарағанды қаласы Полиция бөлімінің мәліметінше,15 шілде күні сағат 21:00 шамасында полицияға көпқабатты үйдің ауласынан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама түскен.
Ауруханада нәрестенің шамамен екі сағат бұрын ғана дүние есігін ашқанын анықтады. Шала туылған баланың хәлі ауыр. Қазіргі уақытта бала перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында.
Полицейлер баланың анасы, облыстың 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.Аталған факт полицияда тіркелді. Тергеу жұмыстары қолға алынды.