Қарағанды облысында жол апатынан жүргізуші мен 10 жасар бала көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалған жолаушылары ауруханаға жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Абай қаласы маңында микроавтобус жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, жеңіл көлікпен және жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Тойота маркалы жеңіл көліктің ішіндегі жүргізуші мен 10 жасар бала көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 15.00 шамасында Абай қаласынан 1 шақырым жерде болды. Полицейлердің мәлімдеуінше, 39 жастағы Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласынан шғып бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Avensis және Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Avensis автокөлігінің 10 жастағы жолаушысы оқиға орынында мерт болды. Mercedes-Benz Sprinte және Toyota Avensis автокөліктерінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы болған жолдың бөлігі уақытша жабылды. Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.