Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға цифрландыру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада
Заңның қорытындысында атап өтілгендей, құжат мемлекеттік басқаруды цифрлық түрлендіру, электрондық құжаттардың қолданылу аясын кеңейту және деректерді басқару жүйесін институттандыру мақсатында әзірленген.
Нормалар цифрлық трансформация және реинжиниринг арқылы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіруге серпін береді деп болболжанып отыр.