Дәрігерлер жағдайы нашарлай бастаған әйелді шұғыл босандырған
Коронавирустың жаңа түріне шалдыққан Қытайдың Харбина қаласының тұрғыны дені сау сәби босанды, деп хабарлайды РИА Новости.
Жүктіліктің 38-ші аптасында болған әйелдің жағдайы күрт нашарлай бастаған. Дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдап, оны шұғыл босандырып алған. Дүниеге салмағы 3,05 келі қыз бала келді.
Сараптамалар қорытындысы бойынша нәрестенің дені сау. Қазіргі уақытта анасының да жағдайы тұрақты.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 13 мың адамнан асты, ал 414 науқас көз жұмды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпті індеттің таралуын халықаралық маңызды төтенше жағдай деп жариялады.
Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары жоқ.