Ресей 2022 жылдың 31 тамызына дейін қант экспортына тыйым салған болатын
Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы ұн мен тыңайтқыш деген желеумен 60 тоннадан аса қантты заңсыз экспорттау дерегін анықтады. Бұл туралы Россельхознадзордың сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2022 жылғы 6 шілдеде "Русско-Полянский" ФМК-да ақ 29,9 тонна қант экспорты тоқтатылды. Қант партиясы минерал тыңайтқышқа (карбамид) арналған құжаттарға сәйкес экспортқа шығарылған және "Карбамид" (Б сорты) деген жазуы бар ақ полипропилен қаптарға салынған.
"Жүкті тексеру кезінде төгілген қант және қапта қант бар екенін көрсететін таңбалау жапсырмасы табылды. Басқа қаптарды тексеру кезінде оларда қант бары анықталды. Экспортталатын қант партиясының құжаттары болмаған. Партия ұсталды, бұл деректі Омбы кедені тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.
Россельхознадзор аумақтық бөлімінің мамандары "Есілкүл" автомобиль және теміржол бекеттерінде биыл 30 маусым мен 8 шілде аралығында шамамен 34 тонна қанттың экспортын тоқтатқаны белгілі болды.
Айта кетейік, Ресей 2022 жылдың 31 тамызына дейін қант экспортына тыйым салған болатын.