Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол шекарадан өтпек болған кезде қолға түсті

Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі – Нұрлан Мәсімов қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.

«Осы жылдың 13 шілдесінде антикоррупциялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады», - делінген Антикор хабарламасында.

Айта кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.