13.07.2022, 15:11
Жаңалықтар
Елена Рыбакина Алматыдағы кездесуін кейінге қалдырды
Спортшы Алматыға баруды бүгінге жоспарлаған
Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Алматыдағы кездесуін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Елена Рыбакина Алматыға баруды бүгінге жоспарлаған.
«Қымбатты алматылықтар! Уимблдондағы жеңістен кейінгі қуанышты бөлісу үшін бүгін сіздерге жетемін бе деп ойлап едім. Өкінішке қарай, соңғы күндердегі шаршағандық пен жүйкеге түскен салмақ жоспарымды өзгертіп жіберді. Толық қалпыма келу үшін үзіліс алуға тура келді. Сіздің тамаша қалаңызға келесі жолы міндетті түрде барамын. Түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын», - деді Е. Рыбакина.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды