$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Онда фермерлер өз өнімдерін делдалсыз және жалға алу төлемдерінсіз сата алады.

Ақтауда көтерме-тарату орталығы мен коммуналдық базардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыстың 30 пайызы аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа коммуналдық базар мен көтерме-тарату орталығының жобасы таныстырылып көрсетілді. Құрылысты «ОРЦ Ақтау» ЖШС жеке инвестордың қаржысына салуда. Қазіргі таңда 2 мың шаршы метр аумақта павильондар салынып жатыр. Онда фермерлер өз өнімдерін делдалсыз және жалға алу төлемдерінсіз сата алады. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін бағаны қалыптастыруға оң әсер етеді.

 

«Көтерме-тарату орталығының құрылысы жоба бойынша кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қазір құрылыстың 30 пайызы аяқталды. Жобада жеміс-жидек, көкөніс және құрғақ тамақ өнімдерін сақтайтын қой%82%D0%ма болады. Сонымен қатар мультикамералы тоңазытқыштар қарастырылған. Жобаның мақсаты – мейрамханалар, азық-түлік дүкендері, басқа да бизнес субъектілерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қала тұрғындарына ешқандай делдалсыз, нарықтағы бағадан төмен азық-түлікпен қамтамасыз ету», - деді «ОРЦ Ақтау» ЖШС директоры Бекзат Жеткізгенов.

Сауда және қойма көлемі 20 000 шаршы метр болады. Жалға алушылар саны – 500 адам. Жобаға салынған инвестиция құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Бұдан басқа, базар аумағында автомобильдерге және қалалық қоғамдық көліктерге арналған 750 орындық автобекет жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ бір мезетте 500 адам сыятын жолаушылар терминалы орналаспақ.

Айта кетсек, жоба Президент тапсырмасы аясында іске асырылуда. 22 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсер етіп жатқанын айтып, Ақтау қаласында коммуналдық және көтерме базарларды салуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Ақтау қаласының 36-шағынауданында жоба құрылысы басталды. Көтерме-тарату орталығы 2023 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары