Саранда ер адам дүкеннің кассасынан 2 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото ашық дереккөзден

Саранда ер адам дүкеннің кассасынан 2 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

 8 мамырда Қарағанды облысының Саран қаласының полиция бөліміне 42 жастағы жеке кәсіпкер жүгінді. Ол өзінің жеке дүкенінің бар екенін айтады. Түнгі уақытта белгісіз тұлға дүкенге кіріп, кассадан 1 млн 882 мыңға жуық ақшаны ұрлап кетеді. Оқиға орын алған жерге жедел-тергеу тобы келеді. Полицейлер сауда нысанының өзін де, оған іргелес жатқан аумақты да тексерді. Олар алдыңғы есікте де, торлар орнатылған терезелерде де бұзу іздерін таппады. Ал қаскөй болса, кіре берістің темір есігіне кілтті сайлап алып, ондағы құлыптардың құрылмасы күрделі болса да, дүкенге кірген. Сонымен бірге, ұры бейнебақылау камерасының қайда орналасқанын білген. Сол себепті бейнебақылау камерасына бет-әлпетін әдейі жасырған күйде түсіп қалған.

Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалды полицияның қызметкерлерімен 30 жастағы күдікті ер адам анықталды және ұсталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Қаской аталған сауда дүкенінің сатушысы оның жақсы танитын танысы екенін түсіндірді. Сатушымен сенімділік қарым-қатынасты пайдалана отырып, күдікті дүкеннің кілтін ұрлап алып, оның көшірмесін жастып алады, артынан түпнұсқасын орнына қойып қояды. Соңында, өзіне ыңғайлы уақытта сауда нүктесінің кассасындағы ақшаның барлығын қолды қылады. Тергеу жүргізілуде.