Павлодар облысында мотоцикл тізгіндеген жасөспірім жол апатынан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды

Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында мотоцикл тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырап, көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

10 шілдеде сағат 16:40-та Железинка ауылында Сарымов және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды.Yaqi200 маркалы мотоцикл "Газельге" барып соғылған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Газель мен мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.