Алматыда есірткіні қолдан жасап сатумен айналысқан екі азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген есірткі заттарының құны жарты млрд теңгеден асады

Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласында синтетикалық есірткіні қолдан жасап, оны интернет арқылы сатумен айналысқан екі азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ҰҚК мәліметінше, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.

«Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеді», - делінген хабарламада.