12.07.2022, 20:41
Жаңалықтар
«Қазфосфат» ЖШС басшылығының қамауға алынғаны туралы ақпарат жалған
Кәсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ
Фото ашық дереккөзден
«Қазфосфат» ЖШС-ның баспасөз қызметі аталған кәсіпорын басшылығының қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазфосфат» ЖШС басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. К(әсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ. Н. Нұрлановқа қатысты ешқандай орган тарапынан ұстау әрекеті болған емес. Тарап жатқан ақпарат – фейк», - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, «Қазфосфат» ЖШС-ның баспасөз қызметі азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін жалған мәліметтерді таратушы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жазаланады.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды