Павлодар облысындағы тасжолда көлік жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт сағат 19.39-да ауыздықталып, сағат 19.46-да сөндірілді

Көрнекі фото: Pavlodarnews.kz

Өрттің шығуына мотор бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні сағат 19.17-де Омбы - Майқапшағай автожолында, Байдала ауылының маңында  «Lada Priora 2170» автокөлігінің төрт шаршы метр аумағы толығымен жанып кеткен.

«Көлік 2014 жылы шыққан. Иесі – 1994 жылғы азамат.  Өрт сөндіргіш (ОП-5) болған, дегенмен пайдаланылмаған», - делінген департамент хабарламасында.

Өрт сағат 19.39-да ауыздықталып, сағат 19.46-да сөндірілді.

Оқиға орнында құтқарушы бөлімшесі және апаттық-құтқаруы қызметі жұмылдырылып, бір техника мен қызметкер жұмыс істеді.

Тегтер: