Қазақстанның шалғай елдімекендерінде дәріхана пункттері пайда болады

Автор: Azattyq Rýhy

Ел халқының шамамен 40%-ы ауылдық жерлерде тұрады, бұл ретте әр үшінші елдімекенде дәріхана жоқ

Фото: gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде және ауылдық денсаулық сақтау объектілерінде дәрі-дәрмектерге қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысы мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылдауды көздейтін заңға қол қойды, онда кодекске енгізілген өзгерістер ескерілген.

Министрлікпен кодекске өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеу кезінде препараттарды сатып алу үшін аудан орталықтарына жүгінуге мәжбүр ауыл тұрғындарының қажеттіліктері ескерілді.

"Кодекске енгізілген өзгерістер ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділігін арттырады және оларды сатып алу үшін ірі елдімекендерге бару қажеттігіне байланысты шығындарды азайтады. Дәріханалар жоқ ауылдық елдімекендердегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері немесе жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізілетін болады", - делінген ДСМ хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар дәрілік саясатты жетілдіру бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады.

Айта кетері, статистикалық деректерге сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан халқының шамамен 40%-ы ауылдық жерлерде тұрады, бұл ретте әрбір үшінші елдімекенде дәріханалар жоқ.