Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болуы мүмкін
Синоптиктер 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр, күндіз еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ болып, желдің күшейеді, күндіз еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болуы мүмкін.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.