$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда подъезде төбелескен екі әйел айыппұл арқалады

Екеуі де бір-біріне қатысты полицияға шағым түсірген

Павлодарда подъезде төбелескен екі әйел айыппұл арқалады
Фото ашық дереккөзден

Павлодар мамандандырылған әкімшілік сотында көпқабатты үйдің ауласында екі әйел арасында жанжал шыққанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үй бойынша жауапты әйел бейтаныс келіншектен подъезде не істеп жүргенін сұраған. Ал бұл сұрақ танымайтын әйелге ұнамай қалған және ол бұл туралы айтып тастаған. Сұрақ қойған әйел де қарап қалмаған.  Ақыры ұрыстың соңы төбелеске ұласқан. 

Сот олардың әрқайсысының денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірілгенін және бұл сараптамамен расталғанын атап өтті.

Олардың әрқайсысы өздерін жәбірленуші санап, бір-біріне қатысты полицияға шағым түсірген. 

Тұрғын үй бойынша жауапты әйелдің көршілері сот процесі кезінде  жанжалдың бейтаныс келіншекке байланысты басталғанын айтқан.  Дегенмен сот бұл жауапқа сыни көзбен қарады, себебі  куәгерлер мен үй бойынша жауапты әйелдің арасында достық қарым-қатынас бар. 

Сот шешімімен екі әйел де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 32 162 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Серіктес жаңалықтары