Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты

Автор: Azattyq Rýhy

Теннисші бұл қаражатты жас теннисшілерді қолдауға жұмсамақ ниетте

Фото ашық дереккөзден

Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Юрий Польскийдің айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Бірақ ол сыйақыдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін мәлімдеген.

«Федерацияға қазірдің өзінде өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ», - деді Юрий Польский.