Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды. Кикілжің барысында әйел жұбайына пышақ жарақатын салған. Бұл туралы Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы полицияға жедел жәрдем бригадасы хабар берген. Тексеру барысында отбасылы ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, болған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп тексеру амалдары жүргізілуде», -делінген хабарламада.