Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер Қазақстан бойынша 12-14 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы үш аралығында еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.
«Орталығы Салехард аймағында орналасқан солтүстік антициклонның жотасы еліміздің солтүстік бөлігіне әсер етеді, оңтүстік өңірлер төмен қысым мен фронталдық бөліктердің ықпалында болады. Республиканың басым бөлігінде күн жылынған сайын ауа массалары тұрақсыз болады, бұл күннің бұлтты болуына және жауын-шашынның түсуіне себепші болады», - делінген хабарламада.
12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғып, нөсер жауын жауады, бұршақ жаууы да мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Ауа температурасы күндіз батыста +34+42°С, оңтүстік-батыста + 40+45°С, солтүстік-батыста +28+35°С-тан +30+40°с-қа дейін, солтүстікте +25+33°С-тан +22+30°С дейін өзгереді, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасының +22+32°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендеуі, оңтүстікте температураның +29+37°С-тан +32+40°с-қа дейін, елдің оңтүстік-шығысында + 22+32°С-тан +25+35°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін», - делінген хабарламада.