Батыс өңірлерде қатты ыстық болады
Синоптиктер 11 шілдеге арналған метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оңтүстік циклон мен оған байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайтын болады – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, жел болып, еліміздің оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.