Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүру құны бойынша ең қымбат қалалар тізіміне енді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 466 және 475-орындарды иеленді

Фото ашық дереккөзден

Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүру құны бойынша ең қымбат қалалар тізіміне енді. Мұндай рейтинг Numbeo сервисі сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рейтинг 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жасалған.

Бермуд астанасы - Гамильтон - 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.

Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында - Базель (Швейцария), үшінші орында - Цюрих. Сондай-ақ, ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген.

Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475-орындарды иеленді.