Қазір мамандар ұшақ не себепті дабыл белгісін бергенін анықтап жатыр
ТАСС агенттігі авиациялық қызметтегі дереккөзіне сілтеме жасап, Сочи – Омск бағытындағы Boeing ұшағы дабыл белгісін бергенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан үстінен ұшып бара жатқан Boeing 737 ұшағы дабыл белгісін берді. Ұшақ бағыты мен ұшу биіктігін өзгерткен жоқ», - деп көрсетті агенттік дереккөзі.
Flightradar24.com сервисінің деректеріне қарағанда, ұшақ 2 сағаттан астам уақыт әуеде және тиісті жерге жетуіне бір сағаттан астам уақыт бар.
Ұшақ не себепті дабыл белгісін бергені қазір анықталып жатыр.