Әлемде маймыл шешегі ауруынан тағы екі адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде маймыл шешегі ауруынан тағы екі адам көз жұмды. Дерттен жыл басталғалы 3 науқас қайтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.  

Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, марқұмдардың бәрі Африка тұрғындары. Маймыл шешегін жұқтырғандар қарасы 6 мыңнан асып кеткен.   

«Бізді маймыл шешегі вирусының таралу ауқымы алаңдатып отыр. Қазірге дейін індет әлемнің 58 еліне тараған. Еуропа аурудың ошағына айналып бара жатыр. Індеттің 80 проценті Еуропада тіркеліп отыр. Ал Африкада дерт бұған дейін таралмаған елдерде белең алды. Ахуалға байланысты Төтенше жағдайлар жөніндегі комиттінің отырысын өткізіп, тиісті шаралар қабылдауға ниеттіміз», - деді ДДСҰ Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.