Петропавлда Мемлекеттік материалдық резервіне тиесілі 3,3 мың тонна АИ-80 бензині сатылымға қойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір СҚО-да АИ-80 бензині тапшы

Петропавлда Мемлекеттік материалдық резервіне тиесілі АИ-80-К4 маркалы бензині аукционға қойылды. 3 300 тонна бензин 28 шілдеде сатылмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Петропавл.news-ке сілтеме жасап.

Лоттың бастапқы бағасы - 396 891 891 теңгені құрайды. Осылайша, АИ-80-К4-тің бір литрі 120,3 теңгеден бағалануда. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысындағы жанар-жағармай станцияларында АИ-80 бензині тапшы. Қазір бензиннің бұл маркасын негізінен ТЖ департаментінде пайдаланады. Оның ішінде УАЗ, ГАЗ, сондай-ақ ЗИЛ жүк машиналарына құйылады.

Лоттың сипаттамасында бензин 2018 жылдың тамыз айында Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілгені және сақтау мерзімі 2023 жылдың тамызына дейін екені көрсетілген.

Тегтер: