Шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» мамандары қай облыстарда ауа райы қолайлы болатынын айтты

© Sputnik

Синоптиктер шілде айында еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК ұсынған жауын-шашынның стандартталған индексі болжамына сәйкес жауын-шашын тапшылығы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау ауданыдарында, Алматы облысының Алакөл уданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында,

Абай облысының Семей қаласы маңайында және Қызылорда облысының басым бөлігінде болуы мүмкін.
Сондай-ақ Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында құрғақшылық болады деп болжанды.

«Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында ауа райы қолайлы болады», - делінген «Қазгиромет» хабарламасында.