Алматылық 20 жастағы бойжеткеннен аса ірі көлемде есірткі заты тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол синтетикалық есірткі затын Алматыдан Қызылордаға тасымалдау кезінде ұсталды

фото: Қызылорда облысы ПД

Алматылық 20 жастағы бойжеткеннен аса ірі көлемде есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын Алматыдан Қызылорда қаласына тасымалдау кезінде Алматы қаласының тұрғынын ұстаған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын "мефедрон" препараты болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.